Алматыда талапкерлер ҰБТ тапсыра алмай, тестілеу басқа күнге ауысты

0
285

Жүйеде техникалық ақау пайда болды.


Алматыда талапкерлер ҰБТ тапсыра алмай, тестілеу басқа күнге ауысты

ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге хабарландыру жасады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін, 2024 жылғы 19 маусымда UStudy серіктестің тарапынан техникалық ақау пайда болуына байланысты Алматы қаласында өтетін ҰБТ басқа күнге ауыстырылады. Нақты айтқанда, бірінші лек — 23 маусымның екінші легіне, бүгінгі екінші лек — 30 маусымның екінші легіне ауыстырылады. Туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз", - делінген ҰТО таратқан хабарламада.