Алматыда ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы басталды

0
399

Кеше Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының басшылары екіжақты кездесу өткізді.


Алматыда ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы басталды

ERNUR.KZ. Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңес отырысына жиналды, деп жазады sputnik.kz.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы

ҰҚШҰ хатшылығы Армения делегациясының кездесуге келмегенін атап өтті.

"Армения делегациясы ҰҚШҰ қорғаныс министрлері кеңесіне қатысып отырған жоқ, бірақ бізге шешім қабылдауға қарсылық білдірмейтінін хабарлады", - деді хатшылық өкілі Сергей Шувалов.

Оның айтуынша, Кеңес шешімдерді "шектелген форматта", яғни Арменияның қатысуынсыз қабылдауды жоспарлап отыр.