Әкесі таспен ұрған 4 жасар бала қан жоса болған күйінше тал түбінен табылған болатын
ERNUR.KZ. Алматыда баласын таспен ұрып талдырып кеткен әкенің ісі сотқа жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
«ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі бойынша, 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпталған Мұрат Асқароғлының ісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 19 желтоқсанда түсті. Қылмыстық іс 6 томнан тұрады. Іс 1 жәбірленуші мен 6 куәгердің қатысуымен қаралады», - деді сотының баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын маңдағы Брянская көшесінде болған. 4 жасар бала қан жоса болған күйінше тал түбінен табылды.
Кейін баланы туған әкесі ұрғаны анықталып, ол 2 айға қамалды.