Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала болады

0
264

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру тәсілдері қайта қаралды.


Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала болады

Фото: Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала болады. Бұл туралы Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп жазады inform.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері қайта қаралды. Бірінші кезекте халықты хабарландыру және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді оқыту жүйесі пысықталды. Келешекте сейсмологиялық станциялар желісін жаңғыртып, кеңейтеміз. Алматыда министрліктің жедел мақсаттағы «Алатау» оңтүстік базасы құрылды. Оның аумағында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қала орналастырылады, алаң дайын. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері және басқа да қажетті қосымша құрылыстар болады», - деді Шыңғыс Әрінов.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру тәсілдері қайта қаралды. Номенклатурада кеңестік кезеңдегі тауарлар әлемдік стандарттарға ауыстырылды. Тізімге алғаш рет зардап шеккен халыққа арналған медициналық чемодандар мен эвакуациялық рюкзактар енгізілді.