Тағы үш баласын жетімдер үйіне өткізген.
ERNUR.KZ. Алматыда жетімдер үйінің түлектері ішімдікке салынып, 2 баланы өлтіріп алған. Ерлі-зайыптылар мемлекеттен алған пәтерде күнде көңілді отырыс ұйымдастыратын көрінеді. Ащы суға сылқия тойып жүріп, алты бала тапқан Дана есімді кейіпкер 2 бірдей баласын өлтіріп алған. Ал үшеуін көршілердің шағымымен, жетімдер үйіне өткізген. Жантүршігерлік оқиға жайлы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды. Бүгінде алтыншы сәбиі қараусыз, деп жазады Stan.kz.
Журналистің айтуынша, жұп пәтерді мемлекеттен 2016 жылы алған.
"Әр күні отырыс, арақ, көңілді достар, арты шу, қанжоса төбелес. Көршілердің айтуынша шырқырап жатқан нәрестенің анасы 29-да. Осыған дейінгі кішкентай 3 баласы да осылай өсіп, қараусыз қалып, көршілері шулап жатып детдомға өткізген. Тағы 2 сәбиі жұмбақ жағдайда өлген: біреуі жаурап қатып қалады, екіншісі шамамен 2 жасар қыз диваннан секіріп мойнын үзіп алған.
Жылап жатқан мына нәресте отбасының алтыншы баласы. Әлі ешқайда тіркелмеген, педиатрлар хабарсыз, себебі, Дана балаларын үйде босанады.
Полицияға үнемі хабарласамыз, олар келгенде есік ашпайды. Күтіп-күтіп кететін инспекторлар қазір қоңырауымызға селт етпейтін болды. Жалпы, “Саялы” ы/а көп үй жетімдерге берілген. Олар топтасып жүреді, күнде ішімдік, думан, төбелес, боқауыздан шаршадық. Қаншама адам баспанаға зар, ал бұлар мемлекет тегін берген пәтердің бағасын білмейді, қамқорлыққа қастандық жасауда. Ертең Дананың жетімдер үйіне кеткен үш баласы да өз әке-шешесінің өмірін қайталамасына кім кепіл? Бізді еститін құзырлы мекеме жоқ, шаршадық!” деп жазыпты ә/ж ықшамауданның 35-ші үй тұрғындары.
@edu.almaty @almaty_police_department Енді осы оқиғадан соң @almaty_zdrav Данаға спираль салып, бақылауға алса екен", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Журналист тәжірибесінде бірнеше жетім баланы хабарға түсіргенін, өкінішке қарай, барлығының тағдыры ұқсас келетінін алға тартты.
"Не деуге болады?! Жетім-түлектер жайлы мен де ойланып жүр ем. Алысқа бармай-ақ өзім түсірген кейіпкерлерді алайын. Шымкенттік 5 баланың анасы Жанерке. "Дау-дамайсыз" барып қарызын өтеп, балаларын киіндіріп, тамағын әперіп, өзін оқытып, кәсіп ашуға мүмкіндік жасап кеттік. Есіл көмек… бәз-баяғы қалпына түскен Жанерке 6 баласын туып алып, күнде көмек сұрауда.
Былтыр көктемде көрсеткен 17 жасар Арай ше, бар көмекті көрсеттік, енді ай сайын @kamisha8585 екеумізден 5 мың тг сұрап жүр. Елді алдаған Еламанды ұмытпаған шығарсыздар?
Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен мемлекет жетім балалардан масыл емес, еңбекқор патриот тәрбиелеуі керек!
Әзірге мен көрген түлектердің тірлігі: қайыр тілеу, сұрау, алдап-арбау. Болды, басқаға икемі жоқ!" - деп түйіндеді сөзін ол.