Алматыда жол ережесін 92 рет бұзған жүргізуші ұсталды

0
1 131

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.


Алматыда жол ережесін 92 рет бұзған жүргізуші ұсталды

ERNUR.KZ. Алматылық көлік жүргізушісі жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін 92 рет бұзған, деп жазады «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Отыз жастағы азаматқа бір жарым миллион теңгеден астам айыппұл салынып, машинасы арнайы тұраққа қойылды.

Көшеде қалай болса солай жүретін жүргізушіні «Сергек» құрылғысы анықтаған. «Сергектің» жаңа қызметі жалған нөмір таққан көліктерді көрсетеді. Екі тәулікте осындай 64 жүргізуші ұсталған. Олар заң талаптарын 999 рет бұзыпты. Енді 16 млн теңгеден астам айыппұл төлейді.

"Алпыс төрт көліктің 45-і арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар біз екі тәулікте жарық-дыбыс, дауыс ұлғайтқыш сигналдар дейді ғой сонымен 7 көлікті тоқтаттық. Оларды да жүргізушілерге хаттама толтырып, көліктерін айыппұл тұрағына қойдық. Сонымен қатар 10 жүргізуші мас күйінде ұсталып, көліктері айыппұл тұрағында тұр", - деді, қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, Манап Саттаров.