Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады

0
501

Құқықбұзушылықтың видеосы Instagram әлеуметтік желіде тараған.


Алматыда жолдың қарсы бетіне шыққан көлік жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады
ERNUR.KZ. Алматыда қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші төрт бап бойынша жазаланады, деп жазады inform.kz.


Құқықбұзушылықтың видеосы Instagram әлеуметтік желіде тараған.

Алматы қалалық Полиция департаменті жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады.

«К. Жәнібек көшесінің бойымен жүрген «Toyota camry» көлігінің жүргізушісі бірден анықталды. Ол- 2002 жылы туған Нұрболат есімді азамат. Оның Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 230 -бабының екінші бөлігінде, 601 – бабының екінші бөлігінде, 595 -бабының бірінші бөлігінде және 596 -бабының үшінші бөлігінде көзделген ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, сот қарауына жіберіледі», - деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сонымен қатар, полиция өкілі жол жүру ережесін бұзғандар жазасыз қалмайтынын еске салды.

«Жол жүру ережесін өрескел бұзған Нұрболат көпшілік алдында кешірім сұрады. Бірақ, бұл заң алдындағы жауапкершіліктен босатады деген сөз емес», - деп атап өтті спикер.