Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілер жүргізушінің есінен танып қалғанына күмәнданды

0
537

Сотқа күдіктінің өзінен бөлек, қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары қатысты.


Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілер жүргізушінің есінен танып қалғанына күмәнданды

ERNUR.KZ. Алматыда автобус жүргізушісін ұрған күдіктінің ісі бойынша төртінші тыңдалым өтті, деп жазады baq.kz.

Сот процесі Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ғимаратында болды. Оған қатысты ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) және ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын.

Сотқа күдіктінің өзінен бөлек, қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары қатысты.

Сот-медициналық сарапшысы автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаеваның медициналық қорытындысын айтып берді.

Жүргізуші Ермек Шөкебаеваға жабық бас сүйек-ми жарақаты, көгерген деген диагноз қойылды. Оны дәрігер қараған кезінде ол есін білді, бас ауруы, жүрек айну, бас айналу, ауырсыну туралы шағымданды. Бұл мидың шайқалуының белгілері. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы ұсынылған деректер, медициналық құжаттар негізінде берілді, – дейді Сот-медициналық сарапшысы.

Ол сондай-ақ атобус жүргізушісінің есінен тануы соққының күшіне байланысты екенін атап өтті.

Нейрохирургтың кеңесін ескере отырып, адамның жағынан соққы тиген сәтте есінен танып қалуы мүмкін, онда маңызды жүйке өтеді. Бұл 12 жақ-бет нервтерінің үлкен нерві. Ол ең сезімтал. Мұндай жағдайлар көбінесе бокста, адам есін жоғалтқан кезде болады. Бұл соққы күшіне байланысты. Адам есін жоғалтуы физикалық деректерге байланысты бірнеше секундтан сағатқа созылуы мүмкін, – дейді сарапшы.

Адвокаттар бейне жазбада автобус жүргізуішісінің есінен танбағанын, еңкейіп шашын түзеткенін айтты.

Ермек Шөкебаева соққыдан кейін есін жоғалтып, құлап кеткенін көрмедік. Ол жай ғана еңкейіп, шашын түзетті. Осы уақытта тежеуішті басып үлгеруге болар еді, – дейді адвокат.

Сотта нейрохирург Әлімжан Халилов сөз сөйлеп, автобус жүргізушісінің ауруханаға есінен танғаннан кейінгі жағдайда келгенін айтты.

Мен нейрохирург болып жұмыс істегеніме 50 жыл болды. Апаттан соң Ермек Шөкебаева 40 минуттан кейін ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа дәрежеде болды, санасы айқын, бірақ науқас ұйқышыл күйде жеткізілді. Жұмсақ тіндердің көгеруі анықталды, аузы ауырды, бетіндегі көгерулер болды. Осыған сүйене отырып, мен жарақат алған кезде ол есінен танып қалды деген қорытындыға келдім. Ол бізге есінен танғаннан кейінгі жағдайға тән белгілермен жеткізілді: логикалық, сұрақтарға әрең жауап береді, - деді Халилов.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні кешкісін 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізуші әйелді ұрып жіберген. Салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды.