Алматыдағы кітап фестивалінде 5 мың кітап тегін таратылды

0
1 108

Онжылдықта Kitap Fest шығармашыл тұлғалар мен кітапсүйер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.


Алматыдағы кітап фестивалінде 5 мың кітап тегін таратылды

ERNUR.KZ. 9 қыркүйекте Алматыда қала күніне орай ауқымды кітап фестивалі өтті. Фестиваль 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді, деп жазады zakon.kz.

Алматы кітап фестивалі кітап сүйер қауым үшін ауқымды бағдарлама дайындады: отандық жазушылар жаңа кітаптарын таныстырды. "Оффлайн кітаптар туралы" шатырында танымал жазушылар, қоғам қайраткерлері мен блогерлер пікір алмасты. Алматылықтарға иллюстрацияланған кітап көрмесі, шеберлік сыныптары, түрлі байқаулар мен акциялар, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылды. Баспагерлер және кітап дүкендері өз өнімдерін көрмеде 30%-ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Биыл кітап фестивалінде 50-ден астам кітап дүкендері мен баспалар өз өнімдерін ұсынды. 28 жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Фестивальде 40-қа жуық пікір көшбасшылары сөз сөйледі: Досым Сәтбаев, Ділдәр Мамырбаева, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Мұхамеджан Тазабек және басқа да көптеген танымал тұлғалар қазіргі әдебиеттегі үрдіс жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, жазушылар "Менің алғашқы ертегілерім", "Как оседлать единорога?", "Tarmaqtar" және басқа да жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.

Белгілі қазақстандық қоғам қайраткері, саясаттанушы, публицист, баспагер Досым Сәтбаев Павел Коктышев және Әлім Хамитовпен бірге "Как оседлать единорога?" кітабының тұсауын кесті. Оның пікірінше, онжылдықта Kitap Fest шығармашыл тұлғалар мен кітапсүйер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.

"Жаңа Қазақстанға оқитын және білімді жастар қажет. Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды. Кітап оқитын адам сана көкжиегін кеңейтеді, логикасын, ойлауын дамытады, есте сақтау қабілетін жақсартады. Осы ретте, Kitap Fest көптеген адамдарды біріктіріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жүр. Сіздерге қажырлықпен қатар, кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру жолында зор табыстар тілеймін"- деді жазушы.

Сонымен қатар фестиваль қонақтары әкелінген кітаптармен алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биыл кітап фестивалінде түрлі жанрдағы 5000 кітап келушілерге тегін таратылды.

Дәстүр бойынша фестивальде "Ауылға кітап" акциясы өткізілді. Онда кез-келген оқырман өз кітабын әкеліп, Қазақстанның ауыл кітапханаларына тапсыруға ат салысты. Биылғы фестивальде 3 мыңға тарта кітап жиналды.