Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
ERNUR.KZ. Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанындағы колледжіне бір аптада үшінші рет жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп жазады tengrinews.kz.
Колледжге жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін куәгерлер редакцияның WhatsApp нөміріне оқу орнындағы эвакуацияның видеосын жіберді.
ПД-нің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
"Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесінде тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды. Белгілі болғандай, колледж ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылмаған. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қазір полиция колледжге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.