Алматыдағы трагедия: хостелдің жұмыс істеуге рұқсаты болмаған – ТЖД

0
690

Бұл жатақхана ретінде жабдықталған жертөле болатын.


Алматыдағы трагедия: хостелдің жұмыс істеуге рұқсаты болмаған – ТЖД

ERNUR.KZ. Өрт шыққан жатақхананың жұмыс істегеніне небәрі 1,5 ай болған және жұмыс істеуге рұқсат қағазы болмаған, деп хабарлады журналистерге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Нұрлан Атығаев, деп жазады sputnik.kz.

"Жертөледегі бөлмені тұрғын үйге айналдыруға тыйым салынады. Өрт дабылы бар, ол қосылған, бірақ алғашқы өрт сөндіру құралдары жоқ", - деп толықтырды ТЖД басшысы.

Еске сала кетейік, Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.