Алматыдағы жеке меншік мектепте зорланған оқушыға қатысты іс расталмады

0
469

Директордың айтуынша жоғары сынып оқушылары зорлық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр.


Алматыдағы жеке меншік мектепте зорланған оқушыға қатысты іс расталмады

ERNUR.KZ. Алматыдағы жеке мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат расталмады. Бұл туралы білім ошағының директоры полиция департаментінің берген жауабы бойынша мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Директордың айтуынша жоғары сынып оқушылары зорлық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр. Білім мекемесінің басшысы полицияның бұл жағдайды растамағанын айтты.

“Біз полиция бөліміне бірнеше рет жүгіндік. Сонымен олардан бізге берілген ақпарат пен фактілердің барлығы расталмағыны туралы ақпарат келді. Біз оларды жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына тапсыра аламыз”,- деді мектеп директоры Бахытжан Нұрматова.

Бұл туралы баланың ата-анасы шағымданған болатын. Олар ұлын жоғарғы сынып оқушыларының дәретханада пышақпен қорқытып, бірнеше рет зорлағанын айтқан.

Еске салсақ, 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаның мән-жайы туралы айтып берген еді.