Алматыдағы жұқпалы аурулар орталығының басшысы қамауға алынды

0
459

Ол пара алды деген күдікпен ұсталды.


Алматыдағы жұқпалы аурулар орталығының басшысы қамауға алынды

ERNUR.KZ. Республикалық дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
"Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді", - дейді ведомсто.
Соттың санкциясымен орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.