Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

0
1 673

Бүлдіршін Шамалған елді мекеніне жетуге 15 минут қалғанда дүниеге келіпті. Теміржол стансасынан жедел жәрдем күтіп алып, Қаскелеңдегі перзентханаға жеткізілген. Дәрігерлер жаңа босанған анаға тиісті көмектің барлығын жасаған. Келіншек ай-күні жетіп босаныпты.Қыз бала салмағы 3 келіге жуық,бойы 49 сантиметр.


Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Алматылық келіншек пойызда босанды. Абырой болғанда жолаушылардың арасында дәрігер болып, ол аяғы ауыр әйелге жәрдем көрсеткен,-деп хабарлайды ERNUR.KZ «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

Ешқандай медициналық құрал болмағандықтан жаңа туылған баланың кіндігін кәдімгі нан турайтын пышақпен кесіпті. Осылайша Жезқазғанға қонаққа барған Алматының 12 емхана дәрігері Индира Қалқабаева күтпеген жерден кіндік шеше атанды.

Өз тәжірибесінде алғаш рет жалғыз өзі аяғы ауыр келіншекті босандырған дәрігер аздап қорыққанын жасырмайды. Бірақ уақыт өте тығыз болғандықтан барын салған. Аман-есен баланы анасының бауырына берген. «Бірақ нәрестенің кіндігін кесетін ешқандай құрал болмады»дейді.
«Шыны керек қайшы болған жоқ, зажим болған жоқ. Ол жерде пышақ болды қолымызда. Пышақты қайнатып, ыстық суға салып, оттықпен жағып, залалсыздандырып, пышақпен кестік кіндігін» - дейді жалпы тәжірибелік дәрігер Индира Қалқабаева.
Бүлдіршін Шамалған елді мекеніне жетуге 15 минут қалғанда дүниеге келіпті. Теміржол стансасынан жедел жәрдем күтіп алып, Қаскелеңдегі перзентханаға жеткізілген. Дәрігерлер жаңа босанған анаға тиісті көмектің барлығын жасаған. Келіншек ай-күні жетіп босаныпты.Қыз бала салмағы 3 келіге жуық,бойы 49 сантиметр.
«Бізге пойызда босанған әйел босанғаннан кейін бір сағат 15 минуттан кейін жеткізілді баласымен бірге. Түскен кезде медициналық көмектің барлығы көрсетілді. Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы. Екеуі бір палатада жатыр. Барлық медициналық көмектерді жеткіліктіжағдайда алып жатыр. Жағдайы жақсы бала мен ананың» - дейді Қарасай аудандық ауруханасының перзентхана меңгерушісі Мәрия Байтүгелова.
Индираның айтуынша, аяғы ауыр келіншек Отардағы әскери бөлімде қызмет ететін күйеуіне барып келе жатыпты. Дәгірігерлер босану мерзімі 20 сәуір деп есептеген көрінеді. Сондықтан алаңсыз жолғашыққан екен. Перзентхана мамандары пойызда босанған келіншекті бірер күнде шығарамыз деп отыр.