Сайын Сазанбаевтың ойлап тапқан жаңалығы, бір қарағанда, скандинавиялық жүріске ұқсайды. Бірақ басты ерекшелігі, оның әдісі велосипедте қолданылады.
фото: 24.kz
Алматылық өнертапқыш Сайын Сазанбаев велосипедтің қол жетегін ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.kz 24.kz – ке сілтеме жасап.
Сайын Сазанбаевтың ойлап тапқан жаңалығы, бір қарағанда, скандинавиялық жүріске ұқсайды. Бірақ басты ерекшелігі, оның әдісі велосипедте қолданылады. Инженер ғалымның айтуынша, велосипедшінің аяқтары қозғалғанымен, денесінің жоғары бөлігі қимылсыз тұрады. Ал таяқтарды педальға бекітіп қойса, екі қолмен алма-кезек жұмыс істеп, аяққа қосымша күш беруге болады.
Сайын Сазанбаев, өнертапқыш:
- Адам екі қолымен жұмыс істейді. Бұлшық еттері, денесінің жоғары жағы толығымен жұмыс істейді. Жаттығу адам денесін алып жатыр. Аяқтары да, қолдары да, денесі де қимылдайды.
Бұл мәселені өзге де өнертапқыштар шешуге тырысқан. Бірақ олардың құрылғылары қауіпті әрі ауыр болған. Ал Сазанбаевтың тәсілінде қолданылатын таяқшалардың салмағы 700 грамнан аспайды. Өнертапқыштың жаңалығын алғаш болып фитнес-жаттықтырушылар сынап көрді.
Әсем Махамбетова, фитнес-жаттықтырушы:
- Өте жақсы ойлап табылған нәрсе екен. Әлі де жетілдіре түсу керек сияқты. Аздап дизайнын ойлап табу керек деп ойлаймын. Бізге мұнда көптеген адамдар келеді. Сондықтан да әлі де жетілдіре түссе, адамдар өзінің денсаулығын түзеуге жақсы мүмкіндік алады деген сенімдемін.
Өнертапқыш бұл жаңалығын Qazaq Biking деп атапты. Бүгінде Әділет министрлігінен 3 патент алған. Болашақта ел арасында насихаттап, өзінің жобасын коммерцияландыруды көздеп отыр.