Алматылық блогер полиция қызметкеріне пранк жасап, қамауға алынды

0
494

Жас жігіт полицияның модульді пунктіне басып кіріп, өз оқырмандарына сәлем жолдаған.


Алматылық блогер полиция қызметкеріне пранк жасап, қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда полицияның модульді пунктінде пранк жасаған жігіт қамауға алынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Желіде жас жігіт полицияның модульді пунктіне басып кіріп, өз оқырмандарына сәлем жолдаған видеосы тарап кетті.

Құқықбұзушының ұсталғаны туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

«Құқықбұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айту керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген»,- деді Рустам Абдрахманов.