Алматылық дәрігер балаларға маска тағуға кеңес берді

0
674

Сонымен қатар ол соңғы кездері қолданылыпы жүрген дәкеден жасалған маскаларға қатысты ойын айтты.


Алматылық дәрігер балаларға маска тағуға кеңес берді

ERNUR.KZ. Алматы қаласы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева онлайн брифинг барысында балаларды вирустан сақтау үшін қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Брифинг барысында дәрігер 5 жасқа дейінгі баланы көпшілік жерге апарғанда қандай маска түрін таққан дұрыс деген сауалға жауап берді.

"Егер бес жасқа дейінгі баланы адамдар көп жиналған жерге апаратын жағдай болса оларға медициналық маска тағуды ұсынамыз. Дегенмен оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Дүкенді жаулап алған матадан жасалған масканы тағуға не үшін кеңес бермейміз дегенге келсек оларды бірнеше рет қолданады. Олар көп реттік болып саналады, ұзақ уақыт таққандықтан олар дымқылданады және оған микрофлора жиналады. Соның салдарынан басқа да бактериялық инфекциямен ауырып қалуы мүмкін. Сол үшін балаға бір реттік медициналық маска тағуға кеңес береміз", - деді Айнұр Уәлиева.

Сонымен қатар ол соңғы кездері қолданылып жүрген дәкеден жасалған маскаларға қатысты ойын айтты.

«Бұл маскамен демалған расымен жеңіл. Дегенмен ол да ылғалданады және вирустан қорғамайды», - деді спикер.

Дәрігер балаларды адамдар көп жиналатын жерлерге жібермеуге кеңес берді.