Алматылық әйел атақты спортшының ұлы соққыға жықты деп айып тағып отыр

0
294

Ол орташа ауыр жарақат алған.


Алматылық әйел атақты спортшының ұлы соққыға жықты деп айып тағып отыр

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Алматылық әйел қала полициясына ұрып-соғу фактісі бойынша жүгінді. Алайда, ол тергеу барысы кешеуілдеп тұр деп наразылық білдіруде, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбалардан белгілі болғандай, қала тұрғыны оны су спортының шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және жаттықтырушысының ұлы ұрып тастағанын айтты. Ол орташа ауыр жарақат алған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ жәбірленушінің айтуы бойынша тергеу әлі жүргізілмеді. Ол сондай-ақ өзінің шағымында: болған оқиғадан кейін саусағына операция жасалғанын, спиц пен бұранда орнатылғанын айтты. Мұнымен қоса, күдіктінің тергеуге әлі шақырылмағанын, 16 қазан күні спортшының ұлы оның көлігі мен жұбайының көлігіне оқ жаудырғанын, үйіне тастар мен қоқыстар лақтырғанын, отбасына қауіп төндіргенін атап өтті.

"Бостандық аудандық полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, соның нәтижесінде кінәлі жауапқа тартылады. Іс материалдары сотқа беріледі", - деп мәлімдеген Алматы қаласы ПД.