Алматылықтар Darkhan Juzz-бен қоштасты

0
809

Келгендер Дарханның портретіне қоштасу және алғыс сөздерін айтты.


Алматылықтар Darkhan Juzz-бен қоштасты

ERNUR.KZ. Алматының орталығындағы Арбатқа қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековпен қоштасу үшін жүздеген жас жиналды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматылықтар Арбатқа күн батқан соң жинала бастады. Darkhan Juzz-дің қазасы оның жанкүйерлерін есеңгіріп тастады.

Арбаттағы музыканттар Дарханның әндерін айтты.
Бұған жиылғандар да қосылды. Көбісі көз жасын ұстай алмайды.
Жиылғандар марқұм әншінің "Ең сұлу" әнін хормен айтты.
Қала тұрғындары Арбаттың орталығындағы тас плитаға гүл мен майшамдар қойды.
Дархан Алматыда туып-өскен. Жиылғандардың көпшілігі онымен жеке таныс еді және олар әнші карьеасының қалай басталғанының куәсі болды.
Келгендер Дарханның портретіне қоштасу және алғыс сөздерін айтты.
Darkhan Juzz Қазақстанның музыкасына үлкен үлес қосты және өз қатарластары арасындағы ең үздік жас таланттың бірі ретінде көпшіліктің есінде қалды.