14 наурызда түнгі уақытта 320 м3 қар шығарылған.
ERNUR.KZ. Алматыда 8-10 сантиметрге жететін қар жауады, деп жазады tengrinews.kz.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16.00-ден 15 наурыз күнгі сағат 4.00-ге дейін Алматыда 8-10 сантиметрге дейін қар аралас жауын-шашын болады деп күтіледі.
"Қала бойынша жайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 463 техника, 18 мотопомпалар және 1012 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 89 арнайы техника мен 320 жұмысшының күшімен көлденең арық желілерін тазарту жұмыстары аяқталып жатыр", - делінген хабарламада.
"Қардың түсуіне, жолдың нашар көрінуі және жолдардағы көктайғақ құбылыстарына байланысты автокөлік жүргізушілерінен жылдамдықты азайтуды, тежеуге бірден жүгінбеуді, қашықтықты, аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер тротуарлармен жүру кезінде абай болулары тиіс, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өту керек", - делінген хабарламада.