Аналар кеңесі вейпке қарсы қоғамдық бақылау жүргізуге шақырды

0
665


Аналар кеңесі вейпке қарсы қоғамдық бақылау жүргізуге шақырды

иллюстрациялық фото

Аналар кеңесі вейпке қарсы қоғамдық бақылау жүргізуге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрметті Аида Ғалымқызы, құрметті комиссия мүшелері!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыныңҰлттық құрылтайда айтқан сөздері тікелей Қазақстан Аналарына айтылған ойлар дер едім.Себебі, Жаңа Қазақстанды құратын АДАЛ АЗАМАТТЫ ана тәрбиелейді.

Осы тұрғыдан кеше Ел Президентіайтқан бірнеше келелі ойға тоқтап кетуге рұқсат етіңіздер.

Бірінші - Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізде жаңа қоғамдық этика қалыптасуы керек» деген ойды айтты. Республикалық Аналар кеңесінің жүзеге асырып жатқан «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының да мақсатыміне осында. Біз жаңа қоғамдық этиканы ұлттық тәрбие дәстүрі мен рухани құндылықтарымызға негіздей отыра, заман талаптары мен дамыған өркениет қағидаттарына сай қалыптастыруды іске асыруымыз керек.Сондықтан, өңірлік Ұлттық комиссиялар өкілдіктері жанынан «ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ИНСТИТУТЫ» ұйымдарын құру арқылы жалпы Қазақстан аналарына арналған көшпелі семинарлар курсын ұйымдастыруды ұсынамын.

Екінші - «мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» деген ой айтылды. Болашақ ұрпағымыз саналы қоғамда өмір сүру үшін, бүгін кең таралып отырған буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін түбегейлі шешу үшін біз мектеп жүйесіне «Адам құқықтары» пәнін енгізуді ұсынамыз. Ұрпағымыз құқықтық білімді жастайынан бойына сіңіріп, өз құқын қорғай білетін, біреудің құқын бұзбайтын болып өссе ғана бақытты болады деп сенеміз.

Үшінші - «идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі» деген ой.

Иә, қай заманда да басты идеология құралы кітап екені белгілі. Бұл істе балалар әдебиетінің орны бөлек. Әлемде жылына 2,2 млрд дана кітап сатылса, соның жалпы 40 пайызы балаларға арналған кітаптар екен. Себебі, мәдениетәдебиет арқылы қалыптасады. Қоғамда бүгін орын алып отырған көптеген өзекті мәселелердің негізінде - мысалы, дін ағындарына еріп кету; нашақорлық, ойынқұмарлық, нашақорлық, балалардың вейпке құмарлығы, т.б., мәдениеттің құлдаруы тұр.

Бүгінгі жасөспірімге ҮЛГІ КЕРЕК, ОБРАЗ КЕРЕК, ТАҢ ҚАЛЫП ҚАРАЙТЫН ТҰЛҒА КЕРЕК. Ол үшін сол образды жазба шығармалар арқылы, оларды анимацияға айналдыру арқылы, театр мен кино арқылы қалыптастыру қажет.

Біздекітаптар арқылы бірнеше мақсатқа жету мүмкіндігіміз бар – мысалы жазбашығарманыанимация ретінде түсіру арқылы туризм бағытын ақпараттық толықтыру; сол кейіпкерлер арқылы балаларды жаңа мамандықтарға қызықтыру -туристтік гид, ғалым-тарихшы, жер қойнауын зерттеуші-геолог, т.б. Осы жерде қосатын ұсынысымыз – елімізге АНИМАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР керек.

Жас ұрпақты көпке үлгі болатын ел азаматы, заманауи тұлға етіп қалыптастыру тақырыбында, достық пен елдікті насихаттап, тарих пен мәдениетті таныту мақсатында жазып жүрген авторларымыз бар. Бірақ, елімізде сол еңбектерді сапалы сараптап, шығаруға ұсынатын, басып шығарып, тарататын жүйе жоқтың қасы. Кітап – мыңдарды тәрбиелейтін қуатты құрал болғандықтан, біз – Ұлттық комиссиия мүшелері, осы өзекті бағыттың жұмысын үйлестіріп, реттеу қажет деп санаймыз.Сондықтан, Қазақстан Республикасының кітап шығару саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынамыз.

Сонымен қатар, балалар әдебиетін қолдау мақсатында:

-бюджет арқылы шығарылатын кітаптар санатында, кемінде 25 пайыз балалар әдебиетіне бөлінсе;

-Мемлекеттік премия берілетін кезде балаларға арнап жазылған шығармаларарнайы қаралса.

Ол үшін жарияланатын Мемлекеттік сыйлыққа қатысушылар үшін арнайы критерилер алдан-ала бекітілсе. Мысалы,жастар арасында тұлға қалыптастырушы образы бар, шет мемлекеттерге елімізді насихаттауға лайықты шығарма деген сияқты талаптар.

Төртінші - есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Ұлт саулығына зиянын тигізетін тағы бір кесел – вейп және түрлі электронды темекілер.

Аналар кеңесі «Есірткісіз болашақ» коропоративтік қорымен бірге «Жасыл сертификат» жобасын жүргізіп, «Темекісіз Қазақстан үшін» ұлттық коалициясымен бірге Вейпке қарсы петиция жариялап, 20 мыңнан астам қолдаушылардың қолын жинады. Бүгінгі таңда вейпті шектеу туралы ұсыныстарымыз Мәжілісте қаралып, қолдау тапты. Дегенмен, заңмен шектеумен қатар ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ жүргізу өте қажет. Біздің балаларымыздың болашағы – біздің қолымызда. Сондықтан, Ұлттық комиссия атынан ЖАЛПЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ БАЛАРЫМЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН, БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ӨЗ ОРТАМЫЗДА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ", - деп жазылған хатта.


Н.Ы. Шанаи