1-3 қазанға арналған ауа райы болжамы.
"Қазгидромет" орталығы мамандарының болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына Солтүстік-Батыс циклоны әсер ететін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, көбінесе жаңбыр түрінде.
Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.