Арал теңізі қайта тола бастады

0
2 007

​1960-1980 жылдар аралығында Әмудария мен Сырдария өзендерінің жоғарғы ағысында гидроэнергетиканың дамуы су ағынының толастауына әкеп соқты. Осының салдарынан Арал теңізі тартылып қалды.


Арал теңізі қайта тола бастады

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтауға арналған "Ғасыр жобасының" бірінші кезеңінің нәтижелері айтылды, деп жазады Экспресс К.

Іске асқан жобаның бірқатар нәтижесі бар. Атап айтқанда, Солтүстік Арал теңізінің бөгеті (Көкарал), Әйтек кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды. Сонымен қатар, Қызылорда, Қазалы қалаларының гидротораптарында, Шардара мен Арнасай су қоймаларының бөгеттерінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Осыған байланысты Арал теңізінің солтүстік бөлігіне ағатын су көлемі ұлғайған. Аймақта өсімдіктер көбейіп, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді суару жақсарды.

Сондай-ақ жобаның бірінші кезеңінде Сырдария өзені арнасының өткізу қабілеті 350-ден 700 текше метрге дейін жеткен. Ирригациялық және көл жүйелерін сумен қамтамасыз ету көлемі артты. Шардара бөгетіне су толып, сондағы су-электр станциясының жұмыс режимін тұрақтандырылды (қысқы уақытта электр энергиясын өндіруді көбейтті).

Министрлік хабарламасында Арал өңірі мен халқының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарғаны да айтылады.

Теңізде жойылып кеткен балықтың 13 түрі қалыпқа келтіріліп, осы кәсіпке қолайлы жағдай жасалды. Балық аулау көлемі 400 келіден 7 мың тоннаға дейін молайтылған, таяу болашақта оны 11,0 мың тоннаға дейін көбейту жоспарланып отыр, - дейді Экология министрлігіндегілер.

Қазір Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша "Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру" жобасының екінші кезеңі дайындалып жатыр.