Аралда экология мәселесімен балалар айналысып жатыр

0
1 254

Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 130-дан аса балалар мен жасөспірімдер Аралдағы экологиялық мәселелерді талқылады.


Аралда экология мәселесімен балалар айналысып жатыр

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы білім басқармасының «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында «Eco-Álеm» республикалық жазғы экологиялық лагері өтуде, деп жазады kyzylorda-news.kz.

Эколагерді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева салтанатты түрде ашып, балаларға жылы лебізін білдірді. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мен Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, лагерь қатысушыларына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, экологиялық лагерге 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан 130-дан аса балалар мен жасөспірімдер қатысуда. Ортақ ой бөлісуге жиналған оқушылар Аралдағы экологиялық мәселелерді талқылады.
Лагерь аясында жасұландық оқушылар Арал теңізіне, «Байқоңыр» ғарыш айлағына экскурсия жасап, плогинг, түрлі экологиялық ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтерге қатысуға мүмкіндік алды. Ал, 5 күн бойы қатысушылар қоқысты сұрыптауға бейімделіп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізбек.