Аралдың айналасына ағаш отырғызылады

0
2 344

Соңғы бірнеше онжылдықта Арал теңізінің түбіне шамамен 270 мың га сексеуіл орманы отырғызылды.


Аралдың айналасына ағаш отырғызылады

ERNUR.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Арал теңізінің проблемаларын қалай шешуге болатынын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мырзағалиевтің айтуынша, бұл – кешенді жұмыс.

«2002 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезеңде осы кешенді бағдарламаның бірінші кезеңі іске асырылды. Бұл жерде айта кететіні, жобаны сәтті жүзеге асырудың арқасында су айнасы 870 шаршы шақырымға немесе 40%-ға ұлғайтылды, судың минералдануы төмендеді, соның арқасында балықтың бір түрінен қазір Солтүстік Аралда балықтың 20-дан астам түрі мекендейтін болды. Бірақ, бұл жұмысты жалғастыру қажет екені түсінікті және ол екі бағытта жалғасатын болады», - деді ведомство басшысы.

Біріншіден, су бетінің одан әрі кеңеюі бойынша зерттеу мүмкіндігінше жалғасады. Бұл жұмысты министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп бастады.

«Экологиялық мәселені шешудің екінші аспектісі - Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу. Соңғы бірнеше онжылдықта шамамен 270 мың гектар сексеуіл орманы отырғызылғанын айтқым келеді. Бұл тұз бен құммен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі және алдағы бес жылда Арал теңізінің құрғаған түбіне 160 мың гектарға ағаш отырғызылады. Осылайша, біз орман екпелерімен қамтылған аумақтың көлемін 430 мың гектарға дейін жеткіземіз», - деп министр.