Арасында республикалық маңызы бар мемлекеттік органдардың 20 басшысының үстінен тергеу жүріп жатыр

0
1 646

Қазір 32 адамның, оның ішінде мемлекеттік органдардың 15 бірінші басшысының және республикалық маңызы бар органдардың бес басшысының үстінен тергеу жүргізіліп жатыр.


Арасында республикалық маңызы бар мемлекеттік органдардың 20 басшысының үстінен тергеу жүріп жатыр

Астанада ұлттық компаниялардың жоғары лауазымды бірнеше басшысы "ірі көлемде пара алды" деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулла.

Оның сөзінше, қазір 32 адамның, оның ішінде мемлекеттік органдардың 15 бірінші басшысының және республикалық маңызы бар органдардың бес басшысының үстінен тергеу жүргізіліп жатыр.

Баспасөз мәслихатында сөйлеген департамент басшысы бұл туралы таяу күндері толық хабарланатынын айтып, ұсталғандардың аты-жөнін атамады.