Арқалықта 15 жасар жасөспірім өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан

0
582

17 және 25 жастағы қыздардың білек пен жамбас тұсынан оқ тиіп, жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.


Арқалықта 15 жасар жасөспірім өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан

ERNUR.KZ. Жасөспірім жігіт қыздарға травматикалық қарудан оқ атқан. Полиция Арқалықта екі қызға дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

3 мамырда Арқалық қаласының полиция бөліміне ауруханадан 17 және 25 жастағы тұрғындардың жарақат алғандығы туралы хабарлама түскен. Олар білек пен жамбас тұсынан оқ тиіп, жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

«Алғашқы тергеу әрекеттері барысында қыздардың Маясова көшесімен өтіп бара жатып тарсылды естігені, содан кейін қол-аяқтарына жарақат түскені анықталды. Қыздар ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында пневматикалық қарудың оғы табылды», – деп түсіндірді полиция департаментінде. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

«Полиция әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықтан оқ атқан 15 жастағы жасөспірімнің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта ата-анасына қатысты «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді полицияда.