Арқалықта оқушы қыз көпірден құлап кетті

0
836

Полицейлер жәбірленушіні жедел жәрдем мамандарына тапсырды.


Арқалықта оқушы қыз көпірден құлап кетті

Арқалықта полицейлер көпірден өзенге құлап кеткен мектеп оқушысын құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 пультіне жас қыздың суға құлағаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына бірден автопатрульдің екі экипажы жетті.
"Полиция қызметкерлері Әміржан Тобылбаев пен Дүйсенбай Сәбитбеков құтқару құралдарын пайдаланып, бірден суға секірген. Қызды жағаға шығарғаннан кейін, Руслан Капсаматов алғашқы медициналық көмек көрсетті", - делінген хабарламада.
Полицейлер жәбірленушіні жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Ол гипотермия диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Анықталғандай, 16 жастағы мектеп оқушысы абайсызда суға құлап кеткен.