Арықтағы қызды құтқарған ақтөбеліктер марапатталды

0
542

Оларға министрдің алғыс хаты табысталды.


Арықтағы қызды құтқарған ақтөбеліктер марапатталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде арықтағы көшкін суға кете жаздаған мектеп оқушысын құтқарған ер адамдар марапатталды. Оларға Төтенше жағдай министрініңалғыс хаты мен ақшалай сыйақы табысталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Тұрғын үй кешенінің күзетшісі Ерболат Құлжігітов, фитнес-клуб жаттықтырушылары Алексей Ступенко, Юрий Лысенко, Евгений Зелевский, Альберт Дедуcев батылдық танытып, оқушыны суға кетуден аман алып қалған.
Оқыс оқиға 31 наурызда Ақтөбенің бірнеше ауданында аяқ асты басталған жойқын сел кезінде болды.
Мектеп оқушысы тротуармен келе жатып, еріген қардың тасқын суы толы арыққа құлап кетті. Су ағынының қуатты болғаны соншалық, мектеп оқушысын бірнеше ер адам жабылып жатып зорға құтқарды.