Асаба бөлесін өлтірген жігіттерге сот үкімі шықты

0
1 396

Ақмола облысында туған бөлесін өлтіргендер сотталды


Асаба бөлесін өлтірген жігіттерге сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Есіл ауданында туған бөлесін аяусыз өлтірген екі ағайындыға сот үкім кесті. 30 жастағы Абылай Шыңғысовты қасақана өлтірді деп айыпталған топтың ішінде болған 3 жігіт те жазасын алды, деп жазады ktk.kz.

Арлан Қосжанов, судья: Қапаров Айбол ҚР-сы Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес қасақана кісі өлтіргені дәлелденіп, сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

Асаба жігітті өлтірді деп айыпталған Айбол Қапаров жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейтін болады. Оның туған інісі Айбек Қапаровтың бір жылға бас бостандығынан айырылып, қолына сотта кісен салынды. Бұл ағайынды екеу олардың қолынан мерт болған Абылай Шыңғысовтың туған бөлелері екен.

Түнделетіп келіп, марқұмның үйінде ойран салғандардың арасында тағы ауылдас 3 жігіт болған. Олардың әрқайсысына 1 жылға шартты түрде үкім кесілді. Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Красивое ауылында орын алған. Оқиғаға өзі куәгер болған ана соттың мұндай шешімімен мүлдем келіспеймін деп отыр.

Зәуреш Шыңғысова, марқұмның анасы: Бәрі де бостандықта жүрді. Ешкім де ештеңе істеген жоқ. Бәрі бірге келген. Бірге өлтірді. Мен куәмін. Кішкентай баланың көзінше, жылаған сықтағанына қараған жоқ олар. Ешқандай аяушылық болған жоқ. Ары қарай жазам.