Ашуланған алматылық итін өртеп жіберді (видео)

0
501

Ашу үстінде жануардың жанын қинаған ол енді заң алдында жауап береді.


Ашуланған алматылық итін өртеп жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысының тұрғыны өзінің итіне бензин құйып, өртеп жіберді. Ашу үстінде жануардың жанын қинаған ол енді заң алдында жауап береді, деп жазады exk.kz.

Бейнежазбадан итінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еркекті көруге болады. Отқа оранған ит ауланы басына көтере қыңсылап, әрі-бері жүгіріп жүр.


Алматы облыстық ПД қызметкерлері бейнежазбадағы еркекті анықтап, оның үстінен қылмыстық іс қозғаған.

"Кадрдағы еркекті анықтадық. Ол Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу кезінде ол итін өртеу арқылы жазаламақ болғанын айтты. Қазір жаралы ит панасыз жануарларды қабылдау орнына тапсырылды", деп жазды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша тергеу амалдары басталды.