Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да пайдалана алатын болды

0
571

​​​Қазақстанда Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да пайдалана алатын болды.


Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да пайдалана алатын болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында жазылған, деп жазады Tengrinews.kz.

"12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасында, ерікті түрде тіркелуіне рұқсат беру қамтамасыз етілді", - делінген қаулыда.

Еске салайық, Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, оған сәйкес демалыс күндері Алматыдан басқа қалаларда ШОБ нысандары Ashyq жобасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат алды.

30 тамыздан бастап:

  • Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысаны үшін жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
  • Сенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.