Асқар Мамин мейрамханада Нығматулинмен және Жақсыбековпен бірген түскен суретіне түсінік берді

0
523

Әлеуметтік желілерде үш шенеуніктің мейрамханада отырған суреті тарап еді. Бұл суретке қатысты ойын айтқан оқырмандар түрлі пікірлерін білдірген.


Асқар Мамин мейрамханада Нығматулинмен және Жақсыбековпен бірген түскен суретіне түсінік берді

ERNUR.KZ. Асқар Мамин бұған дейін әлеуметтік желіде тараған Нұрлан Нығматулинмен және Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретке қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Nur.kz порталына берген жауабында бұрынғы премьер-министр үш шенеуніктің тойда бас қосқанын айтқан.

"Расымен де, өткен жексенбі, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай "Сырға салу" рәсімі өтті.
Бұл суретке қатысты кейбір БАҚ беттерінде айтылған болжамдарды мен орынсыз және арандатушылық деп санаймын",
- деген Мамин.

Ол сондай-ақ қазір еліміз өзінің дамуының, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұрғанын атап өткен.

"Осы себепті осындай шешуші кезеңде мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен деструктивті ойы бар адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін", - деп түйіндеген Асқар Мамин.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде үш шенеуніктің мейрамханада отырған суреті тарап еді. Бұл суретке қатысты ойын айтқан оқырмандар түрлі пікірлерін білдірген.