Әскери колледждің курсанты кезекшілік кезінде жарақат алды - Қорғаныс министрлігі

0
854

Бұл деректі Қорғаныс министрлігі растады.


Әскери колледждің курсанты кезекшілік кезінде жарақат алды - Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің тәуліктік нарядта тұрған курсант жарақат алды. Бұл деректі Қорғаныс министрлігі растады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан.

"31 шілдеде ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде курсант тәуліктік кезекшілік кезінде жарақат алды. Әскери қызметші барлық қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді, - деді ведомство.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды, деп қорытындылады Қорғаныс министрлігі.