Әуежай маңындағы 1 гектар аумақта құрғақ қамыс өртенді.
ERNUR.KZ. Астана халықаралық әуежайының маңында қамыс өртеніп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
13 сәуірде әуежай маңындағы 1 гектар аумақта құрғақ қамыс өртенді. Өрт сөндірушілер халықаралық әуежайға сағат 12.28-де барды.
Қазір 14 адам төтенше жағдайлар қызметкері және үш техника өртті сөндіріп жатыр.