Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Бүгін елорда әуежайында 72 рейс жоспарланған болатын. Оның ішінде ұшып кететін 7 рейс, ұшып келетін 8 рейс тоқтатылды. Сонымен қатар ұшуға тиіс 6 рейс, ал ұшып келуі керек болған 12 рейс кешіктірілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Астана қаласы әуежайының әуеайлағында 19 м/с жылдамдықпен және екпіні 23 м/с дейін қатты жел соғып тұр. Мұндай ауа-райы ұшақтардың ұшуы мен қонуы кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан әуекомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтату немесе кешіктіру туралы шешімдер қабылдады», - делінген хабарламада.
Жолаушылар өз рейстері туралы ақпаратты алу үшін тиісті әуекомпаниялармен байланысуы керек. Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылған.