Қайтыс болған бала Семей қаласынан келген жұптың жалғыз ұлы.
ERNUR.KZ. Астананың №2 қалалық балалар ауруханасында хирургтар 13 жастағы жасөспірімнің мұрнындағы полипті алу үшін операция жасаған. Бір үйдің жалғыз бала ота жасау кезінде көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Kazpress – тің жазуынша, дәрігерлер балаға қатерлі гипертермия деген диагноз қойған. Ата-анасына бұл 20-30 мың адамның ішінде бір кездесетін сирек сырқат деп түсіндірген. Көз жұмған баланың әке-шешесі дәрігерлердің сөзіне сенбей полицияға арыз берді. Сарапшылар өлім себебін трахея жарақатынан екенін анықтаған.
«Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп жауап берді қалалық полиция.
Ал Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «сот-медициналық сараптаманың түпкілікті қорытындысы шықпағандықтан, жауап бере алмаймыз» деп мәлімдеді.
Аурухана тарапынан ешқандай ақпарат жоқ.