Полиция жүргізушілерге жол ережесін барынша сақтауды, жолға қысқы дөңгелексіз шықпауды ескертті.
фото: tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Елордада ауа райының күрт бұзылуына байланысты қалалық Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға шақырды. Қалада 4 қазаннан бастап жауған қар жолдарды басып қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте қалада 96 жол көлік оқиғасы тіркелген. Полиция жолда тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де барынша сақ болған жөн дейді. Әсіресе, жолдан өтер кезде ұялы телефонмен сөйлеспей, жүгірмей, жол ережелерін сақтау қажет.
Синоптиктер болса алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым аумағында күн суытатынын, солтүстік өңірлерде қар жауып, көктайғақ болатынын ескертіп отыр.