Қазақстандықтар Түркиядағы жылжымайтын мүлік сатып алушылар арасында алтыншы орында

0
172

Түркия статистика институтының есеп беру деректері шетелдіктердің мүлік алғаны жөнінде есеп берді.


Қазақстандықтар Түркиядағы жылжымайтын мүлік сатып алушылар арасында алтыншы орында

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Биыл Қазақстан азаматтары Түркияда жылжымайтын мүлікті көп сатып алатын елдер арасында алтыншы орынды иеленді. Қазақстандықтар 99 пәтер мен үй сатып алды, деп жазады stan.kz.

Түркия статистика институтының есеп беру деректері шетелдіктердің мүлік алғаны жөнінде есеп берді.

373 жылжымайтын мүлік сатып алған ресейліктер 31 ай қатарынан көшбасшы болып қалды. Соғыс басталғалы үй алатындар көбейген. Ресейден кейін екінші орынды 172 нысан сатып алған Иран азаматтары, үшінші орынды 136 нысан сатып алған украиналықтар иеленді. Үздік бестікке немістер мен ирактықтар да кірді.

Бір айда шетелдіктер Түркияда 2 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатып алды, бұл бір жыл бұрынғыдан 16,3% аз.

Жыл басында Қазақстан Түркияда үй сатып алу бойынша бесінші орында тұрса, алдағы жарты жылда бесінші мен алтыншы орындар арасында ауытқып тұрды. Ал қыркүйекте жетінші орынға түсті.

Сарапшылар сатып алу деңгейінің төмендеуін инфляция мен тұруға ықтиярхат алу талаптарының күшеюімен байланыстырады. Тұруға рұқсат алу үшін сатылатын тұрғын үй құны 70 мың доллардан 200 мың долларға дейін өсті. Шетелдіктер үйді Анталия, Ыстамбұл және Мерсин қалаларынан жиі алады.

Түркиядан үй алатын қазақстандықтар 2023 жылмен салыстырғанда 14% азайды. Өткен жылдың алғашқы сегіз айында Түркияда жылжымайтын мүлікке 15,94%-ы қызығушылық танытқан, ал 2024 жылдың сәйкес кезеңінде – небәрі 13,64%.