Астана күнінде қазақстандықтар ұзағырақ демалуы мүмкін

0
665

2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылды. Осылайша, қазақстандықтар елорда күніне ұзағырақ демала алады.


Астана күнінде қазақстандықтар ұзағырақ демалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Биыл Астана күнінде ел халқының демалысы бірнеше күнге ұзаруы мүмкін. Бұл туралы құжат "Ашық нормативтік құқықтық актілер" сайтында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Үкімет қаулысында демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылды. Осылайша, қазақстандықтар елорда күніне ұзағырақ демала алады.
Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы талап етілмейді және әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайтыны көрсетілген.
Демалыс күндерін Астана күнінде демалысты ұзарту еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылған. Құжат жобасы 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.