​Астана мектептерінде ас мәзірі өзгереді

0
1 908

Балалар жаңа меню бойынша толыққанды тамақтанады.


​Астана мектептерінде ас мәзірі өзгереді

ERNUR.KZ. Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин 2019 жылдан бастап, мектептерде жаңартылған ас мәзірі енгізілетінін айтты, деп жазады Baq.kz.

Қалалық білім басшысы 2019 жылдың қаңтар айында жаңартылған ас мәзірі алғаш қаладағы 41 мектепке кейін басқа білім ордаларына енгізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, алдағы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің №717 бұйрығындағы жаңа өзгерістерге сай тамақтану ережелері жарияланады. Жаңа талапқа сәйкес, енді бірнеше мектепті бір ғана жеткізуші азық-түлікпен қамтамасыз етуі мүмкін.

«Біріншіден, балалар жаңа меню бойынша толыққанды тамақтанады. Екіншінден, аталған менюге түрлі тамақтар кіреді. Онда денсаулыққа пайдалы жемістер мен көкөністер, тағамның түрлері бар. Мысалы, таңертең балаларға жаңа меню бойынша сүттегі күріш ботқасы, бутерброд (май мен ірімшік), жеміс-жидектер: алма немесе алмұрт, қант қосылған шай беріледі. Ал 10-нан кейін оқушыларға сиырдың етінен жасалған котлета, макарондар, алма және қант қосылған шай беріледі», - деді басшы Астана қаласы әкімдігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жаңа ас мәзірі әр балаға 355 теңгені құрайды. Жалпы келесі жылы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 млдр теңге шамасында қаражат қарастырылған.

Сонымен қатар Әнуар Жанғозин брифингте жаңа ас мәзірі Қазақ тағамтану академиясымен келісілгенін атап өтті.