​Астана мен Түркістанда пәтер қымбаттады

0
1 487

Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.


​Астана мен Түркістанда пәтер қымбаттады

ERNUR.KZ. Астана мен Түркістанда жылжымайтын мүлік қымбаттады. Соның ішінде, қайталама тұрғын үй мен пәтерді жалға алу бағасы өскен. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады, деп жазады Baq.kz.

2018 жылдың қарашасында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің 1 ш.м. сату бағасы 2,2% өсіп, 265,7 мың теңгені құрады.

Дәл осы кезеңде абаттандырылған тұрғын үй құны 1,7% өсіп, 185,6 мың теңгені құрады, ал жалға алу бағасы 5,9% қымбаттап, 1 383 теңгені құраған.

Басқа өңірлерге қарағанда, жаңа баспана Шымкент (4,9%), Астана (4,2) және Петропавлда (3,7%) қымбаттаған. Ал Көкшетауд жаңа тұрғын үйдегі пәтердің 1 ш.м. бағасы 4,5% арзандаған.

Қайталама тұрғын үй бағасы Түркістанда қатты қымбаттаған. Бұл аймақтағы баспана бағасы облыс орталығы мәртебесі берілгеннен кейін бірден 15,7% (1 ш.м. үшін 157,2 мың теңгеге дейін) қымбаттай түскен. Сондай-ақ, қайталама тұрғын үй Астанада (8,8%), Қызылордада (6,8%) және Қостанайда (3,7) қымбаттаған.

Сонымен қатар, жыл басынан бері пәтерді жалға алу бағасы қарқынды өскен. Түркістанда ол – 51,7%, Жезқазғанда – 15,6%, Таразда – 8,9%, Шымкентте – 7,1%, Павлодарда - 7%, Астанада – 5,3%, Қызылордада – 4,6% өскен.