Астанада 1-5 шілде аралығында электросамокатпен жүруге тыйым салынады

0
496

Тыйым 26 маусымнан бастап сол жағалауда, ал 1 шілдеден бастап бүкіл елордада енгізіледі.


Астанада 1-5 шілде аралығында электросамокатпен жүруге тыйым салынады

ERNUR.KZ. Астанада 1 шілдеден 5 шілдеге дейін электросамокатпен жүруге тыйым салынады, деп жазады sputnik.kz.

Whoosh қолданушылары электросамокатпен жүруге шектеу қойылғаны туралы хабарлама алған.
Тыйым 26 маусымнан бастап сол жағалауда, ал 1 шілдеден бастап бүкіл елордада енгізіледі.
Бұл тыйым елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты енгізіліп отыр.
5 шілдеден бастап самокатқа қайта мінуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Саммитке Қазақстан төрағалық етеді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы 15 маусымда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған халықаралық ұйым.