Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
ERNUR.KZ. Астана қаласының тұрғыны Бектұров 17 мекен-жайындағы тұрғын үй кешенінің 14-ші қабатынан секірмек болып, жұбайын қорқытқаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп жазады zakon.kz.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Ол сондай-ақ мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.
"Сот қаулысымен азамат ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды",- делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін отбасылық дебоширлерге емханаларда психологиялық көмек көрсетілетіндігі хабарланған болатын.