Астанада балабақша өртке оранды

0
1 701

Жалын 30 шаршы метр ауданды шарпып, бір қызметкер уланып қалды


Астанада балабақша өртке оранды

ERNUR.KZ. Бүгін сағат таңғы 07:34-те елордалық Сарыарқа ауданындағы "Көктал-1" тұрғын алабында орналасқан "Балдәурен" балабақшасы өртке оранды. Мемлекеттік емес мекемені тілсіз жау жайлағаны туралы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеген деп жазады NUR.KZ.

Жалын 30 шаршы метр ауданды шарпыған. Мамандар өртті сағат 07:51-де ауыздықтай бастап, 08:15-те толығымен сөндірген.

Өрт салдарынан газға уланып қалған 1973 жылғы балабақша қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Орын алған төтенше жағдайды ауыздықтауға Астана өрт сөндіру қызметі 12 құтқарушы мен 4 арнайы техника жұмылдырған.

Өртті сынау зертханасының сарапшы мамандары жалынның пайда болуына не себеп болғанын анықтап жатыр.