Астанада футбол алаңында жарақат алған балаға әкімдік өтемақы төледі

0
330

Алаңның төсемі сапасыз болып шықты.


Астанада футбол алаңында жарақат алған балаға әкімдік өтемақы төледі

ERNUR.KZ. Астанада футбол кезінде жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті, деп жазады sputnik.kz.

Сот материалдарына сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бала футбол ойнап жүргенде жарақат алды. Себебі алаңның төсемі сапасыз болып шықты. Балаға ота жасауға тура келді. Ал футбол алаңы аудандық әкімдіктің балансына кіреді.
Жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті. Сотта әкімдік мамандары тағылған айыппен келіспей, баланың өмірі мен денсаулығына алдымен ата-анасы жауапты екенін алға тартты. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, денсаулыққа орташа деңгейде зиян келген.
Судья әкімдік кінәлі деген шешімге келді. Себебі өзіне қарасты мүлікті тиісті деңгейде ұстамаған. Сот үкіміне сәйкес, әрбір талап қоюшының пайдасына 250 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.