Астанада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі

0
574

Мұны 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тегін жасауға болады.


Астанада иттер мен мысықтарды чиптеу тегін жүргізіледі

ERNUR.KZ. Елордадағы иттер мен мысықтар "Астана ветсервисінде" TANBA жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуден өтуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz.

2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін өз үй жануарларын чиптеуге және олардың деректерін Астанадағы бірыңғай базаға тегін енгізуге болады. Айтпақшы, осы күннен кейін қызмет ақылы болады, оны ветеринарлық клиникалар көрсетеді.

Қазір үй жануарлары ақысыз негізде келесі мекен-жайлар бойынша чиптеледі:

- Сарыарқа ауданы, С. Муканов көшесі, ғимарат, 2/1 (Арнайы ХҚКО),

тел. +7 (747) 623-53-57, +7 (747) 672-85-27

жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін(түскі ас 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Иттерді тіркеу 1 қарашадан басталды, мысықтар 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап чиптеле бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап иттер мен мысықтардың иелері міндетті түрде үй жануарларын тіркеуге міндетті болады, әйтпесе оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.