Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді

0
448

Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.


Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа күдікті, деп жазады tengrinews.kz.

Агенттік мәліметінше, "Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ басшысына қатысты тергеу аяқталған.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.