Астанада күйеуі әйелін ұрып-соғып, сосын 10-қабаттан секіріп кеткен

0
304

Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Астанада күйеуі әйелін ұрып-соғып, сосын 10-қабаттан секіріп кеткен

Фото: rozluchennya-onlain.com.ua

ERNUR.KZ. Елордада ер адам әйелін ұрып-соғып, денесін жарақаттаған. Артынша өзі оныншы қабаттан секіріп кеткен, деп жазады stan.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 1 қазан күні сағат 23:36-да болған. Жұбайлар арасында жанжал туындаған.

"Полицияға өмір белгілері жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, бұдан кейін тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.