Өртке газ баллондарының жарылуы себеп болғаны хабарланды.
ERNUR.KZ. Елордада салынып жатқан нысан отқа оранды, деп жазады ulysmedia.kz.
"Сағат 16:28-де Нұра ауданында, Мұхаметханов көшесі, 4В, жаңадан салынып жатқан нысанда өрт шықты. 19 қызметкер және төрт бірлік техника апат орнына аттанды", – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Көп ұзамай өртке газ баллондарының жарылуы себеп болғаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Айта кетейік, бұдан бұрынеЕлорданың сол жағалауының орталығында салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенген.